ВИЗА ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА РҰҚСАТ АЛУ БОЙЫНША КӨМЕК

Виза және жұмысқа рұқсат алу біздің негізгі қызмет бағыттарымыздың бірі болып табылады. Біздің мамандар бұл саланың кәсіпқой сарапшылары. Олар заңнаманың өзгеруін қатаң бақылай отырып, тапсырыс берушілерге сапалы қызмет көрсетеді.

БИЛЕТТЕРДІ / ҚОНАҚЖАЙЛАРДЫ БРОНДАП ҚОЮ

Қонақжай мен тұрғын үйлердің кез келген түрін брондап қою бойынша қызмет көрсетеміз. Ішкі рейстерге, әлемнің кез келген бағыттарына билеттерді брондаумен айналысамыз. Оған қоса VIP/CIP шығарып салу, күтіп алуды ұйымдастырамыз. Біз үшін сапалы қызмет өте маңызды. Тәжірибелі туристік агенттердің көмегімен тапсырыс берушімізге ең қолайлы маршруттарды ұсынамыз.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰРМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жандиг-С өзінің тапсырыс берушілеріне қызметкерлерді вахталық қалашықтар мен қонақүйлерде орналастыру мен тамақтандыру қызметін ұсынады. Барлық қалашықтар Қазақстан Республикасының стандарттарына сай. Оған дәлел – ай сайынғы аудиттердегі жоғары көрсеткіштер. Одан басқа, біздер әр түрлі деңгейдегі пәтерлерді жалға беру қызметін ұсынамыз.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ

Біз өзіміздің тапсырыс берушілерімізге ҚР бойынша және шет елдерде дәнекерлеуші, темір ұсталары, бұзылмайтын бақылау инспекторлары, метрологтар және т.б. арналған арнайы тренинигтерді ұйымдастыру қызметін ұсынамыз. Оқыту процесін тапсырыс берушінің аумағында немесе тренинг орталықтарында өткізуге болады.