«Жандиг-С» ЖШС – «Lancaster Group» компаниялар тобына кіретін қазақстандық компания. Біз құрылыс және мұнай-газ бағытындағы компанияларға үлкен қызмет түрлерін ұсынамыз: кадрлық шешімдер, логистика, қызметкерлердің тұрмысын ұйымдастыру.
Компанияда ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 халықаралық стандарттары бойынша сертификациядан өткен менеджмент жүйесі енгізілген.
Компанияның негізгі қызмет бағыты – қызметкерлерді іріктеу және ұсыну. Бүгінде компанияның қызметкерлер штаты 5000-ға жуық адамды құрайды, бұдан бөлек бізде жергілікті және шетелдік 14 000 адамға жуық үлкен әлеуетті қызметкерлер базасы бар. Біздегі негізгі мамандықтар штаты - құбыр және металл құрылымдарының дәнекерлеушілері, құрылыс конструкцияларының монтажшысы, құбыр монтажшылары, ілмектеушілер, кран операторлары.