Мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы персоналды іріктеу бойынша кәсіби кадрлық агенттік болып табыла отырып, “ЖанДиг - С”компаниясы Сіздің компанияңыз үшін білікті персоналды іріктеу бойынша қызметтерді ұсынады.

Біз персоналды іздестіру және іріктеудің тиімділігі үшін жоғары технологиялармен жасақталғанбыз, оған қызмет көрсетудің жоғары стандарттары тән, атап айтқанда:

  • Персоналды іріктеудің консультативтік және жеке тәсілі
  • Жаңа персоналды Клиенттің компаниясына енгізу және бейімдеу
  • Білікті қызметкерлердің кең ауқымды дерекқоры

Персоналды дамытуға және жұмыс жүйесін жетілдіруге тұрақты инвестициялар жасау, біздің компанияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.

Сіз не үшін бізге персоналды іріктеуді сеніп тапсыра аласыз?

Біздің мақсатымыз – Сіз үшін персоналды іріктеудегі негізгі әріптес болу.

Біздің қызметіміз мынаны қамтиды:

  • Біздің Клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және Сіздің бизнесіңізді табысты дамыту үшін ұзақ мерзімді қарым-қатаныс қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәжірибелі жоба басшыларынан бастап білікті жұмыс күшіне дейін мұнай-газ өнеркәсібінің әртүрлі секторларында үміткерлерді селективті іріктеу
  • Үміткерлер ұсынған ақпаратты мұқият тексеру барысы.
  • Алдын-ала іріктеу кезінде үміткерлердің құзыреттілігін және жарамдылығын асқан дәлдікпен тексеру.
  • Психологиялық және мінез-құлық, кәсіби үйлесімділікке сәйкес үміткерлер тобын іріктеу.

Біз өз қызметімізді жүзеге асыратын елдерде, персоналды іріктеуден басқа сондай-ақ, жұмысқа орналастыруды да жүзеге асырамыз.