МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

“ЖанДиг - С”компаниясы мұнай және газ кенорындарын барлаудан бастап өңдеуге дейін барлық кезеңдерді қоса алғанда, мұнай және газ секторындағы материалдық техникалық қолдау бойынша қызметтерді көрсетеді. Біз инвестициялардың барынша жақсы әдісіне, Сіздің бизнесіңізді ұйымдастыруға, дамытуға қатысты өз Клиенттерімізге консультациялар өткіземіз.

ВИЗАЛАР ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА РҰҚСАТТАР АЛУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР.

Біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі визалар және жұмысқа рұқсаттар алу бойынша қызметтер болып табылады. Біздің мамандар бұл мәселелерде сарапшылар болып табылады және біздің Клиенттерімізге ең жаңа ақпаратты және тиімді қызметтерді ұсына отырып, заңнамадағы және көші-қон ережелеріндегі өзгерістерді тұрақты бақылап отырады.

АВТОМОБИЛЬДЕР ПРОКАТЫ.

Біздің іскерлік сапарларды, семинарларды, әуежайға/дан жеткізуді, алыс сапарларды және т.б. ұйымдастыруда мол тәжірибеміз бар. Біздің Клиенттеріміздің таңдауына кең автомобиль қатары, сондай-ақ, ыңғайлы 24 сағаттық қызмет көрсету ұсынылған.

АУДАРМА ҚЫЗМЕТТЕРІ.

Біз ұсынылатын қызметтердің сапасына ерекше назар аудара отырып, көптеген шет тілдеріне/нен аударма қызметтерін ұсынамыз.

ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ.

Біз өндірістік қуаттарды, технологиялық жабдықты және басқару жүйелерін пайдалануға беруге және іске қосуға маманданамыз.

НӨМІРЛЕРДІ/БИЛЕТТЕРДІ БРОНДАУ

Тұрғын үйдің және қонақүйлердің кез келген түрін брондау және іздестіру бойынша қызметтерді жүзеге асырамыз. Әлемнің кез келген нүктесіне, ішкі және халықаралық авиарейстерге авиабилеттерді брондау бойынша жұмысты жүргіземіз. Біз сапаға бағдарланамыз, біздің туристік агенттеріміздің айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар, бұл біздің Клиенттерімізге оңтайлы бағдарларды ұсынуға мүмкіндік береді.

КӨЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ.

Бір елден екінші елге тауарларды импорттау немесе экспорттау кезінде тасымалдау қызметтерін ұсынамыз, сондай-ақ, барлық қажетті кедендік рәсімдерді орындау бойынша жұмысты өзімізге аламыз.

АТ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК.

Компанияның жұмыс барысын автоматтандыру үшін аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және пайдалану қызметтерін жүзеге асырамыз. Біздің негізгі мақсатымыз – компанияның бағдарламалық-аппараттық құрылымын қамтитын тиімді инфрақұрылымды енгізу және қолдау.

  • Нақты және виртуалды СЕРВЕРДІ орнату және конфигурациясы.
  • Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі.
  • Орталықтандырылған вирусқа қарсы жүйелер.
  • Резервтік көшіру жүйесінің конфигурациясы.
  • АТ-кәсіпорындар үшін консультациялар және оқыту.
  • СЕРВЕРЛЕР кластерін басқару.
  • Кабельдік және желілік шешімдерді әзірлеу және қолдану.

КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР

“ЖанДиг - С”компаниясы өзінің Клиенттеріне бизнес жоспарларды жазу, ресімдеу, басқару және бизнес саласындағы тиімді шешімдерді ұсынады.

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК.

Біз шетелдік компанияларға құқықтық көмек және қолдау көрсетуге маманданамыз. Жаңа компанияларды тіркеу, өндірістік лицензияларды және әртүрлі рұқсаттарды алуға көмектесу, білікті заңгерлік персоналды ұсыну, мемлекетік билік органдарында және соттарда Клиенттердің мүддесін білдіру, еңбек құқығы мәселелерін шешу, персоналды басқару және құқықтық мәселелер бойынша жалпы консультациялар сияқты қызметтерді ұсынамыз.

БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕР.

Біз өзіміздің клиенттерімізге кадрлық іс жүргізу, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы аутсорсингтік қызметтерді ұсынамыз.

САҚТАНДЫРУ.

Олардың күнделікті қызметінде қажетті сақтандырудың өнеркәсіптік түрлерін жоспарлауды, ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асырамыз.